Ақша тапқысы келген: Павлодарлық жасөспірім есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамыр айында 16 жастағы жігіт есірткі таратумен айналысуға шешім қабылдағаны анықталды.
– «Куратордан» қаптамалар туралы ақпарат алғаннан кейін, жас жігіт құпия жерден 223 грамм синтетикалық есірткіні алып кетті. Ол оны кішірек етіп орап, қаптамалар арқылы сатуды жоспарлады. Кәмелетке толмаған жұмыс үшін төлемді банктік шотқа аламын деп ойлаған. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді,– деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Полиция жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі сатуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде.