Павлодарда ойын-сауық орталығында эвакуация жүргізілуде

Павлодарда ойын-сауық орталығында эвакуация жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Batyr mall сауда және ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған факті Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. 

Эвакуациялау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, жергілікті жерде арнайы қызметтер жұмыс істеуде, – деді департаментте.

Объектіні тексеру жүргізілуде.