Павлодарда сұйық битум тасымалдайтын көлік аударылды
Жүргізуші ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:15-те «112» нөміріне «Алюминий зауыты» маңындағы жолда сұйық битум тасымалдайтын «КамАЗ» көлігі аударылып, нәтижесінде битум төгілгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына НГПС (Алюминий зауытының өрт сөндіру бөлімі), 1 бірлік автоцистерна және жеке құрамның алты адамы шықты.
– Төгілу көлемі 260 шаршы метр аумақта шамамен 19,5 тонна сұйық битумды құрады. НГПС-тен төгілу алаңына көбік жеткізілді. Төтенше қызмет қызметкерлері де қажет болған жағдайда көбік жеткізу үшін оқиға орнында. Төгілу алаңы қоршауға алынды. Трамвай қозғалысы тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына битум цистернасын көтеру үшін автокран келіп жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram