Павлодарда зираттан қоршау ұрлаған тұрғын ұсталды

Шығын 400 мың теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Суворов зиратының аумағында металл қоршаулардың ұрланғаны туралы хабарлаған.
– Аталған факті тіркеліп, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған тұрғынды анықтады. Ол қоршауларды «Chevrolet» маркалы автокөлігімен алып кеткен, – деп хабарлады департаментте.
Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.