Павлодарда ойынқұмарларға тегін көмек көрсету орталығы ашылды

Павлодарда ойынқұмарларға тегін көмек көрсету орталығы ашылды
Фото: pexels.com / SHVETS production

Консультациялар онлайн және офлайн түрде көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«New vision team» қоғамдық қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында ойынға тәуелді жастарға психологиялық қолдау көрсету бойынша фронт-офис жұмысын бастады.

Ойынқұмарлық – құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Фронт-офиста осы салада үлкен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білікті 3 психолог жұмыс істейді. Олардың қызмет тізіміне, атап айтқанда, тәуелділік деңгейін диагностикалау және бағалау, оның салдарын анықтау, бірге жүретін психологиялық және психиатриялық ақауларды анықтау, жеке оңалту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу және тағы басқалары кіреді.

Фронт-офисқа 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар жүгініп, тегін пайдалы кеңестер мен қолдау ала алады. Сонымен қатар, +7(705)190-21-10 WhatsApp нөмірі арқылы анонимді түрде хабарласуға болады. Ойынға тәуелді жастар психологпен тегін кеңеске келіп, жеке жұмыс форматында өз мәселесімен күресе бастай алады.

Кеңсе Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189 мекенжайы бойынша 412-ші кабинетте орналасқан. Психологтар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.