Павлодар облысында көктемгі дала жұмыстарына несие алуға өтініштер қабылдануда
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 %-ды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар» ӘКК» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және астық жинау жұмыстарына несие алуға өтінімдерді қабылдайды.
Нысаналы мақсаты:
- айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін (бұдан әрі – КДЖ және ТЖ);
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс беру арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыруға қайта өңдеу кәсіпорындарына кредит беру (көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін).
Кеңес беру телефоны: +7182 654 111. Өтінімдер Луговая көшесі, 16 мекенжайындағы 605 кабинетте қабылданады.