Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автомашинаның жүргізушісі полицияның күдігін тудырған. 

– Ол қызметкерлердің тоқтату талаптарын елемей жылдамдықты арттыра берді. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды, – деді департаментте. 

Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрды. Куәландыру оның алкогольдік мас екенін растады. Мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші жеті жылға жүргізу құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, биыл өңір полицейлері жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізген 1331 фактінің жолын кесті.