Павлодарда полицейлер ағашқа асылып тұрған ер адамды шешіп алды

Павлодарда полицейлер ағашқа асылып тұрған ер адамды шешіп алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға жедел жәрдем қызметкерлері нұсқау беріп тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

 1 шілде күні шамамен таңғы сағат төртте жедел жәрдемнің 103 нөміріне суицид әрекеті туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері көшеде ағашқа асылып тұрған 30 жастағы ер адамды байқап қалған. 

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше диспетчер полиция қызметкерлеріне зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетудің тәртібін түсіндіріп отырған, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясында. 

Ер адам тұрақты жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.