Павлодарда көлік адамды қағып кетті

Павлодарда көлік адамды қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Малайсары батыр көшесі, 9/5 мекенжайында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алған. 

– Жолдан өтіп бара жатқан 52 жастағы тұрғынды «Audi 80» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен, – дейді департаментте.

Зардап шеккен тұрғын жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.