Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалды
Шұңқыр қазған бір тұрғын мерт болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жетті.
– Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді станцияда.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.