Екібастұзда үш көлік соқтығысқан апаттан екі адам ауруханаға түсті

Екібастұзда үш көлік соқтығысқан апаттан екі адам ауруханаға түсті

Оқиға салдарынан бір көлік аударылып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 29 наурызда сағат 20:15 шамасында Екібастұз қаласының М.Әуезов-Абай көшелерінің қиылысында Nissan Primera, Mitsubishi Delica және Chevrolet Cobalt маркалы 3 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 

- Соқтығысу салдарынан Chevrolet cobalt автокөлігі аударылып қалды. Оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt автокөлігінен екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. ЖКО мән-жайы анықталуда.

Фото:  облыстық ПД