Павлодарда саяжайларда өрт шықты

Қараусыз қалған тоғыз саяжайда құрғақ шөп жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,23 сәуір күні сағат 14:15-те «Энтузиаст» бағбаншылық қоғамдастығында құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлама түскен.
– Өрт сөндірушілер сағат 15:59-да жалпы алаңы 0,4 гектар аумақты құрайтын алты учаскедегі өртті сөндірді, – деді департаментте.
Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 22 қызметкер мен жеті техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер алаңдағы қараусыз қалған тоғыз саяжайдағы құрғақ шөпті де сөндірді.
900 шаршы метр «Металлург» бақшасында өрттіңшығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.