Павлодар облысында жыл сайын жүзге жуық егіз бала дүниеге келеді
2024 жылы қаңтар айында төрт егіз дүниеге келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2022 жылы өңірде 94 егіз және үш үшем жарық дүние есігін ашқан. Ал 2023 жылы 100 егіз туса, үшемдер болмаған. Орташа есеппен алғанда жыл сайын 100 егізден дүниеге келеді.
– Осыдан екі жыл жалпы облыс бойынша 4703 отбасы шаңырақ көтерген. Олардың 3546-сы қалалық тұрғындар болса, 1157-сі – ауыл тұрғындары. Ал былтыр 4436 отбасы шаңырақ көтерген. Бұл жылы некеге отырғандардың 3394-і қала тұрғындары болса, 952-сі – ауыл тұрғыны, – дейді департаментте.
Екі жылды салыстырғанда ажырасқан отбасылардың саны азайған. 2022 жылы 1026 отбасы ажырасты. Олардың 817-сы – қала тұрғындары, 209-ы – ауыл тұрғындары. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш төмендеді.
Айта кетейік, былтырғы жылы ажырасқан отбасылардың саны – 973. Бұл отбасылардың 774-і қалалықтар, 199-ы – ауылдық тұрғындар.