Павлодарда тұрғындар эвакуацияланды

Павлодарда тұрғындар эвакуацияланды
Фото: Константин Шелков

Үйдің баспалдағында киім мен жиһаз өртенген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қазанда сағат 22:10-де Ломов көшесі, 156/2 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

– Лифт шахтасының жанындағы баспалдақ алаңында жалпы ауданы 10 шаршы метр үй заттары мен жиһаз өртенді. Өртті сөндіруге арнайы техника жұмылдырылды, – деді департаментте.

Оқиға орында 10 техника мен жеке құрамнан 37 адам жұмыс істеді.

– Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақпен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде төртеуі  – бала. 41 адам өздігінен астына түсті, – деді департаментте. 

Өрт сағат 22:43-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.