Павлодарда өзеннің үстінде жүрген бес бала құтқарылды (ВИДЕО)
Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ЖТМ Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, олар Ертіс өзенінің ортасына қарай жетіп қалған.
- Бұл - өте қауіпті. Күн жылына басталғаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы елу сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін, - дейді Серік Шериязданов.
Балалар 2008, 2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram