Екібастұзда машинист көз жұмды
Қайғылы оқиға «Богатырь Көмір» ЖШС-інде орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 3 мамыр күні өндіріс жұмыстары кезінде 1990 жылы туған машинист қайтыс болған.
Басқармаға кәсіпорыннан хабарлама түскен. Аталған факті бойынша тергеу ұйымдастырылуда. Өлім туралы куәлікті алғаннан кейін тергеу жүргізу басталады.