Павлодарда Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған кітаптың тұсауы кесіледі
Торайғыров университетінде қазақ киносының негізін қалаушыға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15 наурыз күні сағат 10:00-де өтетін іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист, продюсер, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Сламбек Тәуекел, театр және кино актері Есенбай Әбу және университет ғалымдары шақырылды.
– Конференция аясында Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сұңғыл» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапқа Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Әкім Тарази, Әшірбек Сығаев және Шәкен Аймановпен иық тіресіп жұмыс істеген басқа да өнер қайраткерлерінің естелік мақалалары енген, – деп мәлімдеді Торайғыров университетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Шәкен Айманов туралы деректі фильм көрсетіледі, онда кинорежиссермен қатар жұмыс істеген әріптестері мен ізбасарлары өз естеліктерімен бөліседі.
Айта кету керек, университетте актерлік өнер мамандығы бар. Сондай-ақ, ToU-да «MURAGER» студенттік театры жұмыс істейді