Павлодарда су беру уақытша тоқтатылады

Павлодарда су беру уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Апаттық жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсан күні Сәтбаев көшесі, 15 мекенжайында су құбырының учаскесін және жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бірқатар мекенжайларда су беру тоқтатылады:

  • Сәтбаев көшесі, 15, 17, 17/1, 19, 27, 29, 30, 32, 34, 36, 38; 
  • Лермонтов көшесі, 46/1 (№38 балабақша); 
  • Астана көшесі, 6, 7.

Сондай-ақ, Сәтбаев көшесі, 11 және Торайғыров көшесі, 53, 59 мекенжайларында су қысымы төмендейді.

Коммуналдық қызметкерлер тұрғындардан суды алдын ала жинап алуды өтінеді.