Отшашу, палау, бауырсақ: Павлодарлықтар жаңа жылды қалай қарсы алады?

Отшашу, палау, бауырсақ: Павлодарлықтар жаңа жылды қалай қарсы алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары мен қонақтарын өнерпаздар дайындаған мерекелік бағдарлама күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, викториналар мен би кеші ұйымдастырылады.  

–  31 желтоқсан күні сағат 23:00-де Сіздерді қаланың орталық алаңында жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырамыз! Жаңа жылды бірге қарсы алайық! – деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, мерекеге орай әзірленген ыстық палау, бауырсақ пен шай ұсынылады.  

Кештің басты тартуы мерекелік отшашу болмақ.