Павлодарда суды рұқсатсыз пайдаланудың 50-ге жуық дерегі анықталды

Павлодарда суды рұқсатсыз пайдаланудың 50-ге жуық дерегі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпорындар мен демалыс орындары жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл деректерді облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында анықтады.

Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар, демалыс базалары және өзге де су пайдаланушылардың арнайы рұқсаты болмаса да жерүсті және жерасты су көздерінен су алғаны белгілі болды.

Прокуратураның мәліметінше, су кодексінің талаптарын сақтамаған 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

– Су ресурстарын заңсыз пайдалануға жол бермеу бойынша қадағалау жұмыстары жалғасуда. Заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Құзырлы органдар су ресурстарын пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жалғастырады.