Хабар-ошарсыз жоғалғандар: Павлодар облысында қанша адам іздестірілуде?

Хабар-ошарсыз жоғалғандар: Павлодар облысында қанша адам іздестірілуде?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ертіс-Баян өңірі ел бойынша жоғалғандар бойынша үштікке енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 - хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың басым бөлігі:

Алматы қаласы - 278;

Қарағанды облысы - 217;

Павлодар облысы - 170;

Алматы облысы - 152 тіркелген.

Үйден кетіп, қайта оралмаған – 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кеткен – 38. 

Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады  (77%). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздестірілуде жүргендер негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).