Павлодарда такси жүргізушісі жазаланды

Оның кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсаты болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Г. Дүйсенов көшесінде таксист болып жұмыс істеген Лада 21090 автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.
– Полицейлер құжаттарды тексерген кезде оның тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, атап айтқанда, қажетті рұқсаттары мен тиісті құжаттары жоқ қосымша арқылы такси жүргізгені анықталды, – деп департаментте.
Кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ жүргізушіге қатысты тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-қимылдарды жүзеге асырғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 20-ға жуық бұзушылықтың жолы кесілді.