Баянауыл ауданында заңсыз от жаққандар айыппұл арқалады

Баянауыл ауданында заңсыз от жаққандар айыппұл арқалады
Фото: pixabay.com / LUM3N

Тәртіп бұзушылар Абай облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Сағынтайұлының мәліметінше, заңсыз от жағу фактісі тікұшақпен патрульдеу кезінде Жасыбай көліндегі «махаббат аралының» маңында анықталды.

– Оқиға орнына Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары шұғыл түрде қайықпен жіберілді. Келгеннен кейін тәртіп бұзушылар ашық от үстінде түскі ас әзірлеп жатқан Абай ауданының тұрғындары екені анықталды, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік инспекторлар ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзғандарға 100 АЕК (369 мың 200 теңге) мөлшерінде айыппұл тағып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.