Павлодарда ұландықтар адасып кеткен баланы тауып берді

Павлодарда ұландықтар  адасып кеткен баланы тауып берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жасөспірім қалада жалғыз жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 12 маусым күні Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген 5512 әскери бөлімнің әскери жасағы адасып кеткен баланы тауып, отбасына аман-есен табыстады.

Сағат 22:45 шамасында әскери жасақ  патрульдеу кезінде 12 жастағы баланы байқап қалады. Жасөспірім өз үйін таба алмай, қалада жалғыз жүрген.

Бала Павлодар қаласы, Айманов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұратын болып шықты. Ол сағат 18:00-де үйінен ойнауға шығып, кейін адасып кеткен. Әскери жасақ баланың жағдайын анықтап, №1 полиция учаскесіне жеткізді. Тәртіп сақшылары баланың туыстарымен байланысқа шығып, әкесінің келуін қамтамасыз етті, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінде.

Баланың әкесі ұлын аман-есен тауып бергені үшін  5512 әскери бөлімнің әскери жасағы мен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.