Павлодарда такси жүргізушісіне айыппұл салынды

Павлодарда такси жүргізушісіне айыппұл салынды
Сурет ашық деректерден алынған

Ол арнайы құжаттарсыз адамдарды тасымалдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы желілік полиция бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтар күні Павлодар әуежайында 38 жастағы ер адам ұсталды. Жүргізуші арнайы рұқсатсыз жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысқан.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сол сияқты тиісті тіркеусіз іс-әрекеттер жасау» бойынша хаттама толтырылды, – деді желілік полиция бөлімі әкімшілік бөлімшесінің басшысы Ернар Маманов.

Ер адам 27 мың 690 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Полиция қызметкерлері такси жүргізушілері салық басқармасына тіркелгеннен кейін ғана жұмыс істей алатынын еске салады. Бұдан кейін оларға жолаушыларды тасымалдау үшін арнайы құжаттар беріледі.

Әсия Серікова