Павлодарлықтар кәуап дәмханасына шағымданды

Павлодарлықтар кәуап дәмханасына шағымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған сорғыштың жоқтығы себеп болуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков тұрғындармен өткізген есептік кездесуде тұрғындар тамақ пісіруге арналған нүктелерді, соның ішінде кәуап сататын дәмханаларды ашуға рұқсат бергенде барлық кәсіпкерлерге сорғыштарды орнатуға нақты нұсқаулар беріледі ме екенін сұрады. 

Малайсары батыр көшесі, 15 мекенжайында бір кездері қаланың түкпір-түкпірінен адамдар келетін мейрамхана болған. Тамақтың түтіні мен иісінен мезі болған  үйдің тұрғындарының бірі полицияға талай жүгінген. 

– Қазір бұл үйде менің немерелерім үшінші қабатта тұрады. Сол жерде орналасқан кәуап дәмханасынан түтін, иіс біздің үйге кіреді. Оған қоса, тандыр пештері де бар. Бірақ бүгінгі күнге дейін сорғыштары жоқ.  Терезелер майлы, сондықтан оларды жуу да мүмкін емес. Үш терезе бір жаққа қарағандықтан, үйді желдету мүмкін емес. Немерем үнемі ауырады, өйткені лас ауамен тыныс алады. Неліктен аталмыш дәмханада сорғыш орнатылмаған? Мұндай аудандарда дәмханалардың ашылуына неліктен рұқсат етіледі? – деді тұрғын. 

Оның айтуынша, қазір сол үйдің аумағында алкомаркет те ашылған. 

Бұдан бөлек, аталған ауданда бүгінгі күнге дейін балабақша, бірде-бір ойын-сауық орталықтары да жоқ екенін, есесіне сыра барлары мен алкомаркет барын айтып налыды. Сол себепті кешке балаларды жіберу қорқынышты екеніне алаңдаушылық танытты. 

Шаһар басшысы комиссия құрып, өзі бірге комиссиямен келіп, тексеруге уәде берді.