Павлодарда тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алатынын еске салды
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі тізіммен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2. Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
4. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары:
• жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
• басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
• бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
• мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
• кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
• жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
• қандастар;
• экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
• мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
• толық емес отбасылар жатады.
5. Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
6. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.