Павлодарда кедергісіз спорттық фестивалі өтеді

Жеңімпаздар Астанада облыс намысын қорғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт мерекесіне дайындық барысы талқыланды. Фестиваль партияның Әйелдер қанаты мен «Кедергісіз келешек» жобасының қолдауымен өтпек.
«AMANAT» облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Света Әбдіраманова уәкілетті органдардан маңызды шараға дайындықтың қалай жүріп жатқанын сұрады.
Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова айтты. Фестивальге бір миллионнан астам теңге бөлінсе, өткен жылы 980 мың теңгеге жуық қаржы бөлінді. Спорт басқармасы өз тарапынан стадион, спорт залын бөліп, төрешілік қолдау көрсету арқылы көмек көрсетеді.
Фестиваль екінші рет өткізілмек. Өткен жылы оған облыс мектептерінен 78 оқушы қатысып, 18 үздік оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Онда олар екі алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.
Облыстық кезең қыркүйек-қазан айларында, республикалық кезең қараша айында өтеді. Жарыстар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бойынша өтеді.