Павлодарда Вайнах мәдениеті мен дәстүрі ұлықталды

Павлодарда Вайнах мәдениеті мен дәстүрі ұлықталды

Облыстық шешен-ингуш мәдени бірлестігі бірнеше мерекені атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Достық үйінде шешен-ингуш этномәдени бірлестігі Отбасы күні, Ана күні және Вайнах әйел күндерін тойлады. Бірлестік төрағасының орынбасары Юсуп Джабраиловтың сөзінше, Ингушетияда қыркүйектің екінші жексенбісінде ингуш әйелдер күні, Шешенстанда қыркүйектің үшінші жексенбісінде шешен әйелдер күні аталып өтеді. Бұл екі мереке тарихи оқиғалармен байланысты. XIX ғасырда Кавказ соғысы кезінде  46 шешен қызы қаза тапты. Кейіннен оларды еске алу күні осындай ұлттық мерекелерге айналды.

–        Біз қыздарымызды үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіпейілділ болуды тәрбиелеп жатырмыз, – дейді Лидия Джанкотова. – Ол тек өзі тәрбиеленген отбасын ғана емес, тұрмыс құрғанна кейін тұратын отбасын да бағалауы керек.

Вайнах әйелдерін шешен-ингуш орталығында ұлттық тағамдарды–галнаш, чепалгаш, халва дайындауды үйретеді. . Бұл тәттілерсіз бірде-бір ингуш немесе шешен дастарханы жайылмайды.

Ал балаларды ата-анасын құрметтеуге және халықтың әдет-ғұрыптарын ұстануға дәріптейді. Сондай-ақ, бала кезінен олар өздерінің ана тілін білуі міндетті.

–        Бізде, барлық халықтарда сияқты, өзіндік мінез-құлық этикеті бар. Мысалы, ер адам кірген кезде барлық әйелдер, жасына қарамастан, тұрып құрмет көрсетеді. Вайнах қызының басты қасиеттерінің бірі-қарапайымдылық, – деп атап өтті шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Юсуп Жабраилов.

Достық үйінде орталықтың бірнеше белсенді өкілдеріне, сондай-ақ «Полло», «Вайнах» және «Бирлант» ансамбльдерінің мүшелеріне сыйлықтар табысталды. Павлодар облысында бес мыңға жуық шешендер мен ингуштар тұрады.