Павлодарда Затон базары сүрілуде

Павлодарда Затон базары сүрілуде
Фото: Константин Шелков

Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге бұл орынға қандай нысан салынатыны белгісіз.

–  Затон базары Ломов көшесі, 37 мекенжайы бойындағы учаскеде орналасқан. Бұл жер телімі жеке меншік иелігінде. Мақсаты – сауда үйінің құрылысын салу және қызмет көрсету. Аумағы – 4292 шаршы метр, – деп жазылған хабарламада.

2023 жылы 24 қаңтарда архитектура бөлімімен нысанды сүруге рұқсат берілген. 

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ.