Павлодарлықты жалған чекпен алдаған алаяқтар ұсталды

Павлодарлықты жалған чекпен алдаған алаяқтар ұсталды

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының атына Павлодар қаласының тұрғыны Әлішер Әминовтың атынан алғыс хат келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ол клиенттердің 115 мың теңгеге алдап кеткенін айтқан. Осы сомаға жалған чек көрсетіп, тауарын заңсыз иемденген.

Полицейлер тәулік ішінде қала тұрғынына қатысты алаяқтық әрекеттерін жасаған күдікті тұлғаларды анықтады.

Хатта жәбірленуші солтүстік полиция басқармасының қызметкерлеріне, атап айтқанда, тергеуші Серік Әлиханға қылмысты жедел ашқаны үшін алғысын білдірген. 

Полиция азаматтарды алаяқтардың қулықтарына түсіп қалмас үшін  сақ болуға кеңес береді.