Павлодарда зауыт аумағында жеті шетелдік заңсыз еңбек еткен
Өңірде «Заңсыз келуші-2024» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер 14 шетел азаматын анықтап, ұстады. Олардың жетеуі Павлодар қаласы картон-рубероид зауытының аумағында ұсталған. Олар рұқсат құжаттарынсыз жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Қалған жеті азамат Павлодар ауданының ауылдарының біріне жақын құрылыс нысанында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызмет еткен.
– Қазіргі уақытта екі жеке кәсіпкерге және 14 шетел азаматына қатысты халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды, – облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы деді Дәулет Ысқақов.
Көші-қон заңнамасы талаптарын бұзған 279 шетелдік анықталды, олардың 30-ы сот шешімі бойынша елден шығарылды.
– Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 123 шетелдік және 36 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының 109 азаматы тартылды. 49 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды, – деді Дәулет Ысқақов.
Департаменті бастығы көші-қон заңнамасын бұзбауды, заңда көрсетілген мерзімде халыққа қызмет көрсетудің аумақтық орталықтары арқылы жұмысқа рұқсат алу үшін басқа елдерден жұмысқа келген шетелдік азаматтарға құжаттарды заңдастыру керек екені туралы еске салды.