Павлодарда мектепке дейінгі ұйымдарының үздік педагогтары анықталды

Павлодарда мектепке дейінгі ұйымдарының үздік педагогтары анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2025» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауға қалалық сәбилер-балабақшасының 16 педагогі, оның ішінде 12  – тәрбиеші, үш – музыка жетекшісі, бір логопед қатысты.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 9 педагог «Балалармен өткізілетін педагогикалық іс-шара» атты екінші турға жіберілді.

– Балабақша пелагогтерінің ұсынылған тақырыптар бойынша педагогикалық қызметтін, жобалау қабілетін бағалау мақсатында II тур қатысушылары          бейтаныс топта балалармен ашық іс-шара өткізіп, өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды. Қазылар алқасының мүшелері байқаудың қорытындысын шығарып,төрт жеңімпаз анықталады: бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орын және «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық» номинациялары берілді, – деді қалалық білім бөлімінің маманы Балжан Әділханова. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені №30 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Сандуғаш Асайынова иеленді. Мәселені шешу үшін педагог инновациялық дидактикалық ойындарды қолдана отырып, жаңа материалды игеруге негіз болатын жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді қолданады.

«Мамандыққа адалдық» номинациясы №04 сәбилер-бақшасының музыка жетекшісі Сәуле Жұмабаеваға берілді. Педагог денсаулық сақтау технологиялары арқылы қойылған білім беру мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асырады.

– №8 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Айнұр Қабдуллина «Шығармашылдық педагог» номинациясын иеленді. Тәрбиеші білім беру процесінен терактивті және қызықты ету үшін заманауи технологиялармен білім беру құралдарын белсенді қолданады, – деді Балжан Әділханова. 

«Креативті педагог» номинациясы №42 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Валентина Сайбельға берілді. Педагог дәстүрлі оқыту әдістерімен шектелмейді, бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа тәсілдермен әдістерді табады.

Айта кетерлігі, ең көп балл жинаған қалалық кезеңнің бес жеңімпазы байқаудың облыстық кезеңіне жіберіледі.

Байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау мұғалімдер күніне арналған қалалық іс-шарада өтеді.