Тұңғышы 20-да: Павлодарда егіз бала дүниеге келді

Тұңғышы 20-да: Павлодарда егіз бала дүниеге келді
Фото: облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиал баспасөз қызметінен

Ағымдағы жылы өңірде 35 егіз бала туған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиал баспасөз қызметінің мәліметінше, сәбилер 13 тамызда салмағы 3096 және 3136 грамм, бойы бірдей 53 см болып жарық дүние есігін ашқан. Али мен Мұхаммед өздерін жақсы сезінеді, қазіргі таңда олар үйде, отбасының қасында. 

Сәбилердің анасы перинаталдық орталықтың перзентханасына жүктіліктің 37 айында 13 тамызда сағат 06:00-де түскен. Тексеру барысында патологиялар анықталмаған. Жүктілік сәтті өткен. Әкесінің айтуынша, сәбилердің жынысы ультрадыбыстық зерттеу кезінде белгілі болған. Бірақ бұл жаңалықты туыстарымен бөліспеген, себебі, олар дүниеге келгеннен кейін бәрін таң қалдырғысы келген. 

– Біздің төрт баламыз бар, ең кішісі – бір жас 10 айда, ал үлкені институт бітірді, – дейді көпбалалы әке Асығат Қыстаубаев. – Әрине, бастапқыда есеңгіреп қалдық. Бірақ бұл ең жағымды жаңалықтардың бірі болды. 

Перинаталдық орталықтың ақпараты бойынша ананың жағдайы жақсы және оған тұрғылықты жері бойынша емхананың бақылауында болу ұсынылған.

– Ағымдағы жылы Павлодар облысында 35 егіз бала дүниеге келді, – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»  Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбек. – Бұл ретте, туу туралы куәлікті алу үшін ата-аналар ХҚКО-ға egov.kz порталы, SMS және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамыз жұмада жұмыс істемейді. 

31 тамыз кезекші ХҚКО (Павлов көшесі, 48 бойынша №1 бөлімше) және арнайы ХҚКО (Космонавтар көшесі, 2) үшін жұмыс күні болады. Олар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.