Павлодарлықтар зейнетақы жинақтарынан қанша ақша шеше алады?
Әр жасына сай өзіндік шек бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінде азаматтардың зейнетақы жинақтарынан ақша алуы танымал болғандықтан, Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына осындай өтініштер тұрақты түрде түсуде. Көбінесе қаражатты емделуге, оқуға немесе үй жөндеуге алып жатыр. Биылдың өзінде қазақстандықтардың шоттарынан 3,6 триллион теңге аударылған.
Зейнетақы қоры директоры Владимир Питраковтың айтуынша, ақшаны жинақтаудан тек сома шекті мөлшерден асқан жағдайда ғана алуға болады. Әр жастың өз жеткіліктік шегі бар. Мәселен, 30 жастағылар үшін шекті сома жеткіліктік шегі - 4 миллион 580 мың, 40 жастағылар үшін - 6 миллион 100 мың, ал 50 жастағылар үшін - 7 миллион 860 мың теңге болмақ. Осы сомаларды алуға болмайды.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі орташа зейнетақы төлемдерінің коэффициентін ескеретін арнайы әдістеме арқылы есептеледі. Аударылмайтын сомалардың шамалары 2025 жылға дейін қалай өзгеретіні әлі белгісіз. Бірақ 2023 және 2024 жылдары шекті шамалары өзгерілген жоқ.
Бірақ бұл ереженің 18 жастағы азаматтарға қатысы жоқ. Олар «Ұлттық қор-балаларға» жобасы аясында шоттарына мемлекеттен түсетін жинақтарды пайдалана алады. Балалардың шоттарына былтырдан бастап жыл сайын жүз доллардан астам ақша түсуде. Мемлекет ақшасын оқуға немесе тұрмыс жағдайын жақсарту үшін алуға болады.
Бұл бағдарлама бойынша Павлодар облысынан 1774 өтініш түсіп, 149 мың доллар жұмсалған.
Зейнетақы жинақтары, жеткіліктілік шегін және аударуға болатын сома туралы толық ақпаратты enpf.kz қосымшасынан табуға болады.