Павлодар облысында «АруАна» үздік әйелдер жобаларының байқауы жарияланды

Павлодар облысында «АруАна» үздік әйелдер жобаларының байқауы жарияланды
Фото: pexels.com

Республикалық кезеңге тек бір жоба  жіберіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мәліметінше, «АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының байқауы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.

Конкурс ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін аймақтық кезең (іріктеу) өткізіледі, Іріктеу қорытындысы бойынша бір жеңімпаз-жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі. Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Павлодар облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері конкурстың қатысушылары бола алады.  

Өтінімдерді қабылдау 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімді толтырып, kozhanbaev.kairbek@pavlodar.gov.kz электронды мекенжайына жіберу немесе Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайындағы 101 кабинетке ұсыну қажет. Анықтама телефоны: 8 (7182) 32- 40 -77, 8 (747) 426 -62-39, 8 (747) 904 -53-31.

Жобаның жеңімпаздары келесі бағыттар бойынша анықталады: агробизнес, IT, шығармашылық индустрия, жаңа медиа (БАҚ, әлеуметтік желілер), әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, инклюзивті даму, ғылым және инновация салалары. 

Өтінім

1. Жоба авторының (басшысының) немесе командасының ТАӘ

3. Жобаның атауы

4. Жобаның сипаттамасы (5-7 ұсыныстан артық емес)

5. Жобаның мақсатты аудиториясы.

6. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын сипаттау.

7. Растайтын құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар

8. Жоба авторының (басшысының) байланыстары.