Павлодарда жүк көлігі отқа оранды

Павлодарда жүк көлігі отқа оранды
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Жалын жүк көлігінің кузовынан шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 21 мамыр күні сағат 09:04-те «101» пультіне Павлодар қаласы, Торговая көшесінде жүк көлігінің жанғаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ЖШС аумағында тұрған «МАЗ» жүк көлігінің кузовындағы өртті жедел түрде сөндіріп, жалынның өзге нысандарға таралуына жол бермеді, - делінген хабарламада. 

Тілсіз жау жалпы аумағы 10 шаршы метрді шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерді көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.