Павлодарда тәртіп сақшыларын күйзеліспен күресуді үйретті

Павлодарда тәртіп сақшыларын күйзеліспен күресуді үйретті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық полиция департаментінің психологтары жас қызметкерлерге тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ведомствода атап өткендей, бұл тренинг жас қызметкерлердің табысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қалыптастыруға, кәсіби қызметті ынталандыруға, моральдық-психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметке оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

Психологтар командалық өзара әрекеттесуді қалыптастыруға, эмоционалды өзін-өзі реттеуге, қызметкерлердің кәсіби және жеке сенімін арттыруға бағытталған жаттығулар өткізді.

– Тренинг аясында психологтар жас қызметкерлерге олардың кәсіби дамуы, психологиялық қолдау арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында кеңес берді. Мұндай тренингтік сабақтар жұмыстың тиімді әдістерінің бірі болып табылады және өз эмоцияларын жақсы түсінуге көмектеседі, – деп атап өтті қалалық полиция басқармасының психологы Виктория Вагнер. 

Кері байланыс барысында қызметкерлер сұрақтарын қойып, психологтармен диалогқа белсене қатысты, сондай-ақ өткізілген тренинг үшін алғыстарын білдірді.