Павлодар ормандарында тиіндер саны азайды

Олардың саны шамамен екі есе кеміді, деп хабарлайды @pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылғы тиіндерді санау кезінде «Ертіс орманы» қорығының қызметкерлері 4 741 дарақты есептеді. Орманшылардың айтуынша, олардың саны, екі есе азайған. Ал мамандар басты себебі сусардың көбеюі деп есептейді.
Орманшылар тиіндердің азаюын миграциямен де байланыстырады. Олардың деректері бойынша жергілікті тиіндер негізінен қарағай тұқымдарымен және қарағай қабығымен қоректенеді. Қорек жеткіліксіз болса, жануарлар жаппай қоныс аударуы мүмкін.
Теріс динамика Баянауыл ұлттық саябағында да байқалды. Мұнда 2020 жылы 1720 тиін тіркелген болса, 2024 жылы 1552 болған.
Ұлттық саябақ та, қорық та ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға жатқызылған, сондықтан сол жерде жануарларды, соның ішінде аңдарды аулауға тыйым салынады.