Павлодарда жас тарихшылар өз өлкесін таныстырды
Байқауға орта білім беру мектептерден 100-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, шара Республика күні қарсаңында туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау мақсатында өтті. «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
- Білім додасына облыстағы орта білім беру мектептерінен 90 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І турда Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылса, ІІ турда 4 номинация бойынша яғни «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу) бойынша бақ сынады, - делінген хабарламада.
Мұнда «Менің шағын Отанымның болашағы» аталымында І орынға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Алуа Темірболат ие болса, ІІ орынға Успен ауданы М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Адель Арынова лайық болды. Жүлделі ІІІ орынды дарынды балаларға арналған 10-сынып оқушысы Марк Царенко, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Әйгерім Серікжан, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10- сынып оқушысы Диас Шукеев, Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Жадыра Рахимбаева, Тереңкөл ауданы, Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Бейбарыс Мизамидин өзара бөлісті.
«Шағын Отанымның символында» І орынды Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Сая Жиенхан еншілесе, ІІ орынға Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Оразайым Қасқырбек, Баянауыл ауданы Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Назерке Сапар ие болды. Ал ІІІ орынға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Асылбек Райымбек, Екібастұз қаласы №24 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Дария Шарипова, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сабина Нұрғазықызы ие болды.
«Менің шағын Отанымның тарихы » номинациясында Баянауыл ауданы Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Шұғыла Амантай үздік атанса, «Жас дарын» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Зайни Нығметқызы ІІ орындә місе тұтты. Ал үздік үштікке дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10-сынып оқушысы Әдия Гайрулла, Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жанбота Сапар, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Балнұр Бекен, Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Айдана Ахметова, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әнел Сәкен, дарынды балаларға арналған №8-лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Адина Рыспаева лайықты боды.
Соңғы аталым «Менің туған өлкем» эссе жазуда Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Инабат Байзоловаға тең келетін ешкім болмады. Ал Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Толғанай Тельман, дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Жәмиля Сұнғат ІІ орынды бөлісті. ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы София Науменко, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Іңкәр Тлебалды, Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Жансұлу Қайырғалым, Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Дарина Оспанова, Павлодар қаласы Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Жүкей, Тереңкөл ауданы А.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Лиана Исимбаева марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.