WorldSkills Kazakhstan 2025: Павлодар облысы тарихи жеңіске жетті

WorldSkills Kazakhstan 2025: Павлодар облысы тарихи жеңіске жетті
Фото: Павлодар облысының білім беру басқармасы

Алтын медаль иегерлері келесі жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін WorldSkills International 2026 әлемдік чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның кәсіби білім беру саласындағы ең маңызды оқиға – WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 3-9 желтоқсан аралығында Астанада өтіп, өз мәресіне жетті. 

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 825 қатысушы мен 719 сарапшы жиналып, 45 құзырет бойынша сынға түсті.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық жарыста өңір командасы 43 құзыреттілік бойынша мәлімдеме жасап, өз өңірін жоғары деңгейде танытты. Чемпионат қорытындысы бойынша павлодарлық студенттер 2013 жылдан бергі ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Команда соңғы екі жылда үздік бестікте болса, биыл екінші орынды иеленіп, үздік үштікке енді.

Павлодар облысының қоржынына жалпы 6 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль және 13 кәсіпқойлық медальоны түсті.

Алтын медаль иегерлері:

  • Максим Сорозидинов («Электромонтаждау жұмыстары», Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі);
  • Диана Балапанова («Зертханалық және химиялық талдау», Павлодар химия-механикалық колледжі);
  • Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн», Ақпараттық технологиялар колледжі);
  • Илья Кривошапов («Бизнеске арналған IT шешімдер», Ақпараттық технологиялар колледжі);
  • Эдуард Керкеснер («Мейрамхана сервисі», Павлодар сервис және тамақтану колледжі);
  • Хайрм Берікбек («Ветеринария», «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі).

Бұл нәтижелер Павлодар облысының жоғары білікті, талантты жастарға бай екендігін тағы да дәлелдеді.