Павлодарда жеке тұрғын үйден өрт шықты
Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 29 наурыз күні 101 операторының пультіне Абай көшесінде орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар дереу шақырту орнына шықты. Олар жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимараттағы жалынды ауыздықтады, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаның себебі анықталуда.