«Қазақстан алюминийі» АҚ тыңдаулар өтетінін хабарлады

«Қазақстан алюминийі» АҚ тыңдаулар өтетінін хабарлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шараға тұтынушылар мен өзге де жауапты азаматтар шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан алюминийі» АҚ (Қазақстан Республикасы, 140013, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Шығыс өнеркәсіп аймағы, 60/1 ғимарат) 2025 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру бойынша реттелетін қызметтерді ұсыну кезіндегі қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептің 24 сәуір күні сағат 11:00-де өтетінін хабарлайды.

Қоғамдық тыңдау бәріне қол жетімді болу  үшін есеп ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-трансляция форматында да өткізіледі. Конференция идентификаторы: 848 0497 0051. Кіру коды: 480514.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Шығыс өнеркәсіп аймағы, 60/1 ғимарат, «Қазақстан алюминийі» АҚ зауыт басқармасы ғимараты, акт залы.

Кәсіпорында өткізу тәртібі (пропускной режим) енгізілгеніне байланысты тыңдаушылардың алдын ала тізімін қалыптастыру үшін қатысқысы келетіндерден 23 сәуір күні сағат 14:00-ге дейін 370223 телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Көрсетілетін реттелетін қызмет түрі – жылу энергиясын өндіру. Қосымша ақпаратты 8 (7182) 370223 телефоны арқылы алуға болады.

Серіктестік материалы.