Асайын Байханов Павлодар ауданының тұрғындарымен кездеседі
Кездесу Новоямышево ауылының мәдениет үйінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 21 сәуір күні сағат 10.00-де Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Павлодар ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.
Бұған дейін мұндай кездесу Железин ауданында өткен болатын. Аймақ басшысы железиндік ақсақалдарға мемлекеттік тілде оқытуды насихаттау шараларын жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері апаттық жағдайда тұрған Моисеевка мектебінің орнына 100 орындық жаңа мектеп, Мыңкөл ауылында медициналық пункт салынатыны белгілі болды.