Павлодарда жылыту маусымы ертерек аяқталады

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу желілерінде жоспарлы сынақтар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа температурасының +20, +23 С°-қа дейін көтерілуіне байланысты қалада жылыту маусымы 10 сәуірде аяқталады.
10-21 сәуір аралығында температуралық және гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты қаланың Оңтүстік бөлігінде келесі көшелерде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады: 29-шы қараша, Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Қамзин, сондай-ақ екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа және Зеленстрой шағын аудандарында.
12-28 сәуір аралығында температуралық және гидравликалық сынақтар қаланың Солтүстік ауданында басталады. Осыған байланысты ыстық сумен жабдықтау Қамзин, Малайсары батыр, Естай, Қабанбай батыр, Нұркин, Ак. Маргұлан, Астана, Жағажай, Олжабай батыр, Торайғыров, С. Нұрмағамбетов көшелерінде, Химгородок және Лесозавод шағын аудандарында және Солтүстік өнеркәсіп аймағында тоқтатылады.
Сынақтар аяқталғаннан кейін, жылу желілерінен қосылған тұрғын үйлерде зақымданулар анықталмаса, ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Жылу желілерінен қосылған және зақымданулар анықталған тұрғын үйлер ыстық сумен жабдықтауға, зақымдар жойылғаннан кейін қосылады.
Қосылу мерзімдері көрсетілген үйлердің тізімі сынақтар аяқталғаннан кейін жарияланады.