Павлодарлық зейнеткер сынған қолшатырларды кәдеге жаратуда

Күләш Шарапатова 73 жаста, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, ол сынған қолшатырдан шопер тігіп, елді таңқалдыруда.
Қала тұрғыны арнаулы әлеуметтік қызмет алушы бола тұра, белсенді әрі шығармашыл өмір салтын ұстанып келеді. Ол сынған қолшатырлардан экологиялық таза, ыңғайлы және сәнді шопер, сөмкелер жасайды.
— Материалды үнемді пайдаланып, керекке жаратуға тырысамын. Шығармашылық маған өмірге деген құлшыныс береді, — дейді Күләш Шарапатова.
Әлеуметтік қызметкер қарияға қажетті материалдарды әкеліп, қолөнер жұмысына қолдау білдіреді.