Павлодарлық анестезиолог-реаниматологтар Ресейлік дәрігерлерден тәлім алды

Павлодарлық анестезиолог-реаниматологтар Ресейлік дәрігерлерден тәлім алды
Фото: автор

Ресейлік мамандар өз елдерінде белсенді қолданатын қазіргі заманғы стратегияларымен бөлісуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық балалар ауруханасында «Симуляциялық жабдықта уқалау дағдыларын меңгере отырып, педиатриядағы респираторлық қолдау көрсету» тақырыбында шеберлік сабағы өтуде. Оған аймақтың емдеу ұйымдарынан 30 балалар анестезиолог-реаниматологы қатысты. 

Тәлімгерлер – медициналық ғылымдар кандидаты,  Мәскеу қаласы денсаулық сақтау департаменті Морозов балалар қалалық клиникалық ауруханасының нәрестелер мен ерте жастағы балаларға арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Семён Межинский мен  Мәскеу қаласы денсаулық сақтау департаменті Л.А. Ворохобов атындағы №67 қалалық клиникалық ауруханасының реанимация және қарқынды терапия қызметінің басшысы Алексей Мостовой. 

– Шеберлік сабағы барысында жаңа туған нәрестелерден бастап 18 жасқа дейінгі балалардың тыныс алу терапиясын, яғни  жасанды желдетуді қалай дұрыс жүргізу, оттегімен дұрыс емдеу және тыныс алу органдарының аурулары бар науқастарды емдеу туралы талқылаудамыз. Біздің басты мақсатымыз – Ресейде белсенді қолданатын заманауи стратегияларды павлодарлық дәрігерлерге жеткізу. Себебі бізде Павлодар облысына қарағанда сәбилер өлімі үш есе аз, – деді Алексей Мостовой.

Семинар аясында дәрігерлер тәлімгерлермен бірге бірқатар зертханалық жұмыстар жүргізді. Мысалы, «тірі» өкпеде жасанды желдету параметрлерін дұрыс таңдау, қауіпсіз параметрлер көрсетілді. 

Спикер павлодарлық дәрігерлердің талқылауынан сәбилерге арналған бірқатар маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға болатынын айтады. 

– Атап айтқанда, паливизумаб препаратын қолдану. Бұл – өкпенің созылмалы аурулары, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларды иммундау.  Мысалы, Ресейде аталмыш препарат көптеген өмірді сақтауға мүмкіндік береді, – деді маман. 

Облыстық балалар ауруханасын реанимация бөлімінің меңгерушісі Қуат Арғынов мұндай шеберлік сабақтары реанимация бөлімінде көрсетілетін көмек пен медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ тыныс алу физиологиясы мен респираторлық бұзылулардың патофизиологиясына арналған білімді жаңартуға, кеңірдек ішіне жасалатын және инвазиялық емес респираторлық қолдау көрсету режимдерінің заманауи классификациясын түсінуді үйренуге мүмкіндік береді.  

– Бүгінгі таңда Облыстық балалар ауруханасында жасанды желдету аппаратында бір бала қосылған. Семинар қатысушылары және тәлімгерлерімен бір жарым жасар баланың жағдайын талдап, пікір алмасып, кеңес алатын боламыз, – деді Қуат Арғынов.

Айта кетейік, іс-шара ERG компаниясының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «AlmaEco» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен ұйымдастырылып отыр.