Павлодарда өрт сөндірушілер алты адамның өмірін құтқарды

Павлодарда өрт сөндірушілер алты адамның өмірін құтқарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні сағат 17:32-де Бекмаханов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

– Шақырту орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жетіп, бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында шыққан өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып қалды, – делінген хабарламада.

Сағат 18:16-да өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Фотосуреттерді облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынды