Ақсу мен Екібастұзда үйге қамалып қалған екі бүлдіршін құтқарылды
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 30 қазанда сағат 8:19-да Ақсу қаласында бір жарым жасар бала пәтердің есігін ішінен ысырмамен жауып алған. Шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттан үшінші қабаттағы балконға түсіп, пәтерді ашты. Бүлдіршін ата-анасына тапсырылды, оған медициналық көмек қажет болмады.
Осыған ұқсас оқиға 29 қазан күні кешке Екібастұзда да тіркелді. Онда 2023 жылы туған қыз бала есікті ішінен жауып алған. Мамандар арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, балаға көмектесті. Тағы да зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды үйде тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауды қатаң ескертеді.