Павлодарда өрт кезінде ер адам ысты газдан уланып қалды
Өрттің шығу себебі анықталды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамызда сағат 18.54-те Катаев көшесі, 34 мекенжайында екінші қабатта орналасқан пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына сегіз техника, 22 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері шықты. Пәтерде 15 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртенді, – дейді департаментте.
Тілсіз жау сағат 19.32-де жойылды. 1978 жылы туған пәтер иесі «жану өнімдерімен улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.